1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.

ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасының ұсынымдарына сәйкес Қор тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуде. Ол көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Медициналық қызметтерді сатып алу шарттарының орындалуын бақылау үдерісін реттейтін мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл ережелер жеткізушілер тізілімін талдау және олардың шарттарды орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау тәуекелдерін бағалауға негізделген.

Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу үшін тиісті міндеттер мен есептеулер әзірленіп, қазір Қордың ахуалдық-талдау орталығында жүзеге асырылуда.

«Тәуекелдерді басқару жүйесі медициналық ұйымдарды төмен, орташа және жоғары деп тәуекел аймақтарына бөлуге мүмкіндік береді. Классификацияның негізгі критерийі – көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлеміндегі анықталған кемшіліктер. Соңғы айларда стационардан кейінгі медициналық көмек бойынша талдау жүргізіп, көптеген жеткізушілердің бұзушылықтарға мүлде жол бермейтінін немесе өте сирек кездесетінін анықтадық: 492 медициналық ұйым «жасыл аймақта» (25%), 924 – «сары аймақта» (47%) және тек 551 – «қызыл аймақта» (28%). Яғни, жоғары ықтимал тәуекелдер жеткізушілердің үштен бірінен де азын қамтиды», – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Ғалымжан Әбілов.

Оның айтуынша, медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөлу тұрақты түрде өзгеріп отырады. Себебі көрсеткіштерге емделген жағдайлар саны, көрсетілген қызметтер және солардан анықталған кемшіліктер кіреді, ал бұл әр кезеңде әртүрлі болуы мүмкін.

«Тәуекелдерді басқару жүйесі не үшін қажет? Егер клиника медициналық көмек көрсету кезінде бұзушылықтарға жол бермесе, ол автоматты түрде «жасыл аймаққа» түседі. Бұл жағдайда оның өндірістік базасына барып, қызметіне егжей-тегжейлі мониторинг жасаудың қажеті жоқ. Мұндай тәсіл жеткізушілерді қажетті нормалар мен ережелерді сақтауға ынталандырады, яғни бұл алдын алу шарасы ретінде де қызмет атқарады. Ал Қор ресурстарды «қызыл» және «сары» аймақтағы жеткізушілерді мақсатты әрі тиімді мониторингтеуге бағыттай алады. Мониторинг түрлерін оңтайландыру және автоматтандыру арқылы біз ағымдағы мониторингпен емделген жағдайлардың 100%-ын қамти аламыз», – дейді Ғалымжан Әбілов.

Қор жеткізушілер тізімін тәуекел аймақтары бойынша есепке алуды автоматтандырды. Бұл профилактикалық және алдын алу шараларын жоспарлау, мониторинг түрлерін таңдау, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандарды тарту үшін қажет. Жеткізушілер тізімін автоматтандыру нәтижесі бойынша тәуекел деңгейіне байланысты әртүрлі мониторинг түрлерін қолдану, медициналық қызметтерді сатып алу жоспарларын түзету, сондай-ақ жеткізушілермен шарттарды тоқтату немесе бұзу шаралары қарастырылған.

20.12.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Казахстан переходит к новой модели государственного управления финансированием здравоохранения
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады. Жүргізіліп жатқан трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау... 
08.07.2026
БОЛЕЕ 835 ТЫС. КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО ПОСЛЕ PUSH-УВЕДОМЛЕНИЙ В БАНКОВСКИХ ПРИЛОЖЕНИЯХ
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
В ФОНДЕ СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ СОСТОЯЛОСЬ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА В НОВОМ СОСТАВЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу